Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуы мүмкін бе?

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуы мүмкін бе?


28 маусым күні Гамбургте өткен OKTAGON 73 турнирінде Жалғас Жұмағұлов еуропалық ММА лигасының наилегчай салмақтағы чемпионы атанды. Ол финалда грузиялық Бено Адамияны жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін Жұмағұлов UFC-де өнер көрсеткен еді.

Осыған орай спортшының бапкері Айбек Шоқпұтов Prosports.kz сайтына пікір білдірді.

– Қазіргі таңда нақты жаңалық жоқ. Америкаға қайта оралған соң, келіссөздер басталады деп ойлаймын. Бұл бағытта жұмыс жүретіні анық, – деді панкратион мен ММА-дан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Айта кетейік, Жалғас UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың 24 маусымында өткізіп, мьянмалық Джошуа Ваннан жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или