Уимблдон: әлемнің үшінші ракеткасы алғашқы айналымда жеңілді

Америкалық Джессика Пегула Уимблдон турниріндегі алғашқы кездесуінде әлемдік рейтингтің 116-сатысындағы италиялық Элизабетта Коччареттоға 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын небәрі 59 минутқа созылды. Коччаретто матч барысында екі эйс жасап, бір ғана қос қате жіберді. Сонымен қатар, ол 6 брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды. Ал Пегула бір эйс жасап, төрт қос қате жіберді және брейк жасау мүмкіндігіне ие бола алмады.
Келесі кезеңде Элизабетта америкалық Кэти Волынец пен германиялық Татьяна Мария арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, бүгін турнирде Қазақстан атынан Елена Рыбакина да алғаш рет кортқа шығады. Ол армениялық Элина Аванесянмен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или