Ресейлік хоккейші «Барысқа» оралуы мүмкін

Ресейлік хоккейші «Барысқа» оралуы мүмкін


30 жастағы қорғаушы Зият Пайгин мансабын «Барыс» сапында жалғастыруы ықтимал, деп жазады Prosports.kz KHL Transfers телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Өткен маусымда ол ҚХЛ-дағы «Куньлунь Ред Стар» клубы үшін 7 ойын өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Жалпы Құрлықтық хоккей лигасында Пайгиннің еншісінде 422 матч пен 107 (36+71) ұпай бар.

Айта кетейік, 2015 жылы ол НХЛ драфтының жетінші раундында «Эдмонтон Ойлерз» клубы тарапынан 209-нөмірмен таңдалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или