Жас француз Уимблдонда тарихи жылдамдықпен көзге түсті

Франциялық теннисші Джованни Мпетши Перикар Уимблдон турнирінде рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемдік рейтингте 36-орында тұрған 21 жастағы Перикар алғашқы айналымда америкалық Тэйлор Фрицке қарсы ойында допты 246 км/сағ жылдамдықпен соғып, жарыс тарихындағы ең жылдам подача авторы атанды. Бұған дейінгі рекорд 2010 жылы Тэйлор Дентке (238 км/сағ) тиесілі болған.
Бойы 203 сантиметр болатын француз алғашқы екі сетте тай-брейкте жеңіске жетті — 7:6 (8:6), 7:6 (10:8), ал Фриц кейінгі екі сетте басым түсті — 6:4, 7:6 (8:6). Матч 22:20 кезінде коменданттық сағатқа байланысты тоқтатылып, 1 шілдеде жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или