Абиба Әбужақынова күміс жүлде үшін көлік мінді

Абиба Әбужақынова күміс жүлде үшін көлік мінді


Дзюдошы Абиба Әбужақынова Будапештте (Венгрия) өткен әлем чемпионатындағы күміс жүлдесі үшін автокөлік сыйға алды, деп жазады Prosports.kz.

«1 медаль = 1 машина», – деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Еске салайық, 48 келіге дейінгі салмақтағы финалда Абиба италиялық Ассунта Скуттомен белдесіп, иппон әдісімен жеңіліп қалған болатын.

Айта кетейік, бұл — Әбужақынованың әлем чемпионатындағы алғашқы финалы. Бұған дейін ол екі мәрте қола жүлдегер атанған. Сонымен қатар, бұл — қазақ әйел дзюдосы тарихындағы алғашқы әлемдік финал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или