Талғат Жайлауов пен Константин Пушкарёв «Номад» сапында қайта бас қосады.

«Головой Об Лед» Telegram-арнасы таратқан инсайдерлік мәліметке сәйкес, қазақстандық хоккейдің танымал дуэті — Талғат Жайлауов пен Константин Пушкарёв «Номад» сапында қайта бас қосады.
Ақпаратқа сенсек, Пушкарёв алдағы маусымда «кочевниктердің» жаттықтырушылар құрамына қосылып, Жайлауовқа көмекші болмақ.
Еске сала кетейік, өткен маусымда «Номад» Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде сегізінші орын алған болатын. Плей-оффтың алғашқы кезеңінде олар «Арланнан» 0:4 есебімен ұтылып, жарысты ерте аяқтаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или