Қазіргі уақытта Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Алан Құрманғалиев 1/8 финалда жеңіске жетті.
Бұл кезеңде отандасымыз Оңтүстік Кореялық Ли Чонмокты айқын басымдықпен жеңді. Ойын 4:0 есебімен аяқталды.
Келесі айналымда Алан Тайбэй теннисшісі Хун Цзинь-Каймен кездеседі.