«Жетісу» ойыншысымен келісімшартты бұзды

Талдықорғанның «Жетісу» командасы 30 жастағы қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельскийдің кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
«Тимур Рудосельский «Жетісу» клубынан кетті
«Жетісу» ФК мен қорғаушы Тимур Рудосельский өзара келісім бойынша келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады. Тимур командаға маусымның басында қосылып, жеті ойынға қатысты», - деп жазды Талдықорғандық клубтың баспасөз қызметі.
«Қайрат» түлегі Жетісуға жыл басында Еревандық «Вест Армения» клубынан ауысып келген. «Қайрат», «Қайсар», «Ақтөбе» және израильдік «Хапоэль» сияқты командаларда өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или