Әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы Уимблдонда матчты жалғастырудан бас тартты

Дүйсенбі, 30 маусым күні Уимблдон турнирінде ерлер арасындағы жекелей сында алғашқы айналым матчтары өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Грекиялық теннисші, бұрынғы әлемнің үшінші ракеткасы Стефанос Циципас алғашқы екі сетте жеңіліп, матчты жалғастырудан бас тартты.
Француз Валентин Руайеге қарсы кездесуде есеп 0:2 (3:6, 2:6) болғанда, беліндегі ескі жарақаты қайта сыр берген Циципас жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или