«Атырау» легионерлерге қатысты мәлімдеме жасады

«Атырау» легионерлерге қатысты мәлімдеме жасады

«Атырау» футбол клубы жазға ауысып келген легионерлерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Құрметті жанкүйерлер, клубқа келіп жатқан легионерлердің барлығы да демеушілік жеке қаражат есебінен төленетінін хабарлаймыз. Оларға бюджеттің қаржысы жұмсалмайды.

Екіншіден, Олжас Керімжанов, Вадим Яковлев сияқты тәжірибелі қазақстандықтарға басымдық беріліп, Темірлан Жиеналиев, Юсуф Саидалиев және Бейбіт Кереев сынды жергілікті жастар негізгі командаға көтерілді. Одан бөлек, Ринат Жұматов, Нұрасыл Тоқтаров, Ескендір Қыбырай, Ерсұлтан Қалдыбеков, Ян Труфанов, Карим Смыков секілді өз ойыншыларымыз да жоқ емес.

Үшіншіден, «Атырауда» бірнеше маусым өткізген Егор Хаткевич, Игорь Стасевич, Жоэль Каямба және т.б. футболшылар жағдайды тұрақтандыру үшін шақырылды. Сондай-ақ Қазақстан Премьер-лигасын өте жақсы білетін Руслан Юденков, Горан Милойко, Константин Дорофеев, Лука Згурский және т.б. легионерлер бекер алынған жоқ. Бүкіл легионерлер қазіргі таңда «Атырау» басты міндетін шешу мақсатында 3-4 айлық қана келісімшартқа ие. Кез келген ауысым және трансфер «Атырау» клубының чемпионатта қалуы үшін жасалып жатқан жұмыс екенін ескерген жөн. «Атырау” футбол клубы баршаңызды қаңқу әңгімелерге назар аудармай, команда атына нұқсан келтіретін ақпараттардан аулақ болуға шақырады», - делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, «Атырау» Қазақстан Премьер-лигасында бес ұпай еншілеп, турнир кестесінде соңғы орында тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или