Уимблдондағы сұмдық. Путинцева масқара болып жеңілді

Уимблдондағы сұмдық. Путинцева масқара болып жеңілді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 33-орында) 2025 жылғы Уимблдон турнирінің бірінші айналымында америкалық Аманда Анисимовадан (12-орын) оңбай жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Путинцева бұл ойында Анисимоваға 0:6, 0:6 есебімен жол берді. Матч бар болғаны 45 минутқа созылды.

Енді америкалық теннисші екінші айналымда мексикалық Рената Сарасуамен (71-орын) кездеседі. Сарасуа алғашқы айналымда бельгиялық Янина Викмайерді (764-орын) 6:0, 6:3 есебімен жеңген еді.

Бұл матчтан кейін Путинцева 77 220 еуро мен 10 рейтингілік ұпай еншіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или