Виктория Графеева бокстан Әлем кубогының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды

Виктория Графеева бокстан Әлем кубогының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.

Отандасымыз алғашқы кездесуінде Жапония өкілі Аяка Тагучимен жұдырықтасты. Тартысқа толы жекпе-жектің қорытындысы бойынша Виктория келесі кезеңге өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін) және Әнел Сақыш (54 келіге дейін) келесі кезеңге өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или