Жібек Құлымбаева Сербиядан жүлдемен оралды

Қазақстандық теннисші Жібек Құлымбаева Сербияның Куршумлия-Бане қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалда әлемнің 306-ракеткасы жергілікті теннисші Драганя Вуковичті (WTA №751) екі сетте — 6:4, 7:6 (7:3) есебімен ұтты. Қос теннисшінің тартысты кездесуі екі сағаттан аса уақытқа созылды.
Бұл Құлымбаева үшін 2025 жылғы маусымдағы үшінші титул. Бұған дейін ол Мадрид пен Германияның Висбаден қалаларында жұптық сында жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или