«Барыстан» басталған реформа: Жемқорлықпен күрес енді ҰҚК қолында

«Барыстан» басталған реформа: Жемқорлықпен күрес енді ҰҚК  қолында


Қазақстанда жемқорлықпен күрес жүйесі қайта құрылатын болды. Президенттің жарлығымен бұрынғы антикоррупциялық қызмет енді Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің құрамына өтеді. Комитет ішінде арнайы бөлім — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылады.

Ал осы бағыттағы алдын алу шаралары мен мемлекеттік саясатпен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі айналысады. Екі ведомство бірігіп, бұрынғы антикоррупциялық агенттіктің мұрагері саналады.

Бұл тек құрылымдық өзгеріс емес — Үкімет қыркүйекке дейін жаңа жүйеге бейімделген заң жобасын әзірлеуі тиіс.

Айта кетейік, 6 маусым күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік «Барыс» хоккей клубының жұмысына қатысты бірқатар заңбұзушылықты анықтаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или