Жалғастың жауабы: «Менен жеңілген – менің көлеңкем»

Жалғастың жауабы: «Менен жеңілген – менің көлеңкем»


OKTAGON 73 турнирінде чемпион атанған Жалғас Жұмағұлов жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті. Гамбургте өткен бәсекеде ол грузин Бено Адамияны төрешілердің бірауызды шешімімен ұтып, жеңіл салмақта белдік иеленді.

Адамия жекпе-жекке дейін салмақ өлшеуде талапты орындамай, ескерту алған. Кездесу барысында нокдаунға түскеніне қарамастан, өзін жеңімпаз санаған ол реванш сұрады. Бұған Жұмағұловтың жауабы қысқа болды: «Алдымен салмақты дұрыстап түсірсін. Ол жеңдім деп ойлап жүр — бірақ ол мен емес, менің көлеңкем. Бес раундтың бәрінде басым болдым. Елдің қолдауы күш берді, телефон тынымсыз шырылдап жатыр. Лига кімді ұсынса, солмен шығам. Мен ешқашан жекпе-жектен қашпаймын».

36 жастағы спортшы үшін бұл – OKTAGON лигасындағы екінші жеңіс. Бұған дейін қараша айында валлиялық Аарон Абиге қарсы айқаста жеңіске жеткен. Жалпы көрсеткіші – 18 жеңіс, 9 жеңіліс. Бұған дейін Fight Nights Global чемпионы атанған ол енді OKTAGON белдігін еншілеп, Еуропадағы тұңғыш қазақстандық чемпион атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или