«UFC ұсыныс жасаса…». Oktagon жаңа чемпионы үн қатты

«UFC ұсыныс жасаса…». Oktagon жаңа чемпионы үн қатты

28 маусым – Қазақстан ММА тарихындағы ерекше күндердің бірі. Осы күні Жfлғас Жұмағұлов Oktagon лигасында чемпион атанып, отандастарымыздың атын алғаш рет Еуропа сахнасында асқақтатты. Гамбургте өткен Oktagon 73 турнирінде ол 57 келі салмақтағы бұрынғы белбеу иесі грузиялық Бено Адамияны бес раундтық тартыста төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

Бұл жеңіс Жалғастың мансабындағы елеулі жетістік. Бұған дейін AMC Fight Nights Global лигасында чемпион атанған ол енді Еуропаның беделді промоушны саналатын Oktagon белбеуін де иеленді. Oktagon-ды жиі «еуропалық UFC» деп атайтынын ескерсек, бұл титулдың салмағы тіпті арта түседі. ММА статистикасын жүргізетін FightMatrix мәліметінше, Oktagon әлемдік рейтингте 7-орында тұр. Салыстыру үшін айтсақ, Fury FC – 18-орында, ал AMC Fight Nights Global 53-орында ғана.


Prosports.kz тілшісі жаңа чемпионмен байланысып, оның әсері мен алдағы жоспарын сұрап білді.

– Жалғас, бұл жекпе-жек ойыңыздағыдай өтті ме?

– Иә, негізі бәрі жоспар бойынша өтті. Не істейміз деген едік, соның бәрі орындалды.


– Адамия сізге қалай әсер етті? Шынымен чемпион атануға лайық болды ма?

– Алғаш сезгенім – салмақ айырмашылығы. Ол мені басып озды, жекпе-жек кезінде салмағы 68 келіге жеткен екен. Шынында ауыр болды.


– Ол салмақ өлшеу кезінде артық салмақпен шыққаны үшін белбеуден айырылды. Сол үшін сізге сыйақының қанша пайызы тиесілі?

– Жалпы, сыйақының 30 пайызын маған беруі керек. Бірақ мұндағы гонорарлар онша үлкен емес қой.

–  Енді Oktagon чемпионы ретінде UFC-ге қайтып оралуыңыз мүмкін деп ойлайсыз ба?

– Ашық айтсам, қазір UFC туралы ойлап жатқан жоқпын. Алдымен денсаулығымды реттеп алуым керек, жарақаттар бар.


– Oktagon-да белбеуді қорғау міндеттемесі бар ма? Бұл лигада өнер көрсету өзіңізге қаншалықты қызық?

– Егер UFC тарапынан келісімшарт келсе, Oktagon мені жібереді. Бізде жеке келісім бар, ешқандай кедергі болмайды.


– Енді алдағы уақытта не істемексіз?

– Қазір ең бастысы – жарақаттардан айығу. Басқа ешқайда асығып жатқан жоқпын.


Фото: Oktagon

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или