Теннисші Анна Данилина әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Теннисші Анна Данилина әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты.

Жұптық сайыста үздік ойыншылар тізімінде Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен турнирде жеңіске жеткеннен кейін бір саты жоғары көтерілді.

Бұған дейін теннисші тоғызыншы орында тұрған болатын. Енді Данилина сегізінші орынды иеленіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или