Анна Данилина жұптық сында әлемде сегізінші орынға көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Уимблдон-2025 басталар алдында жеке және жұптық сында спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздік үштік өзгеріссіз қалды: бірінші орынды белорус Арина Соболенко, екінші орынды АҚШ өкілі Кори Гауфф, үшінші орынды тағы бір америкалық Джессика Пегула тұйықтады.
Үздік қазақстандық теннисші Елена Рыбакина бұрынғысынша 11-орында, ал Юлия Путинцева 34-орыннан 33-орынға көтерілді.
Қазақстанның жұптық сайыстағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Истборндағы (Ұлыбритания) турнирде жеңіске жеткеннен кейін әлемдік рейтингте сегізінші орынға көтерілді, бұл оның мансабындағы ең жақсы нәтиже.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или