Әлем кубогы: Алғашқы күні бес қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Тікелей трансляция

Әлем кубогы: Алғашқы күні бес қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Тікелей трансляция

Дүйсенбі, 30 маусымда қазақстандық боксшылар Астанада өтетін бокстан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан уақыты бойынша сағат 14:00-де басталатын күндізгі сессияда қазақстандық үш спортшы өнер көрсетеді. Олардың жекпе-жектерін тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көруге болады. Әйелдер арасындағы екінші жұпта Назым Қызайбай (48 келі) 1/8 финалда канадалық Приянха Диллонмен жұдырықтаса, төртінші жұпта 54 келідегі Анель Сақыш 1/16 финалда неміс Татьяна Обермайермен кездеседі. Ерлер арасындағы сегізінші жұпта 70 келі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалда қырғыз боксшысы Алмаз Орозбековпен жұдырықтасады.

Сағат 19:00-де басталатын кешкі сессияда екі қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың жекпе-жегін де Qazsport телеарнасынан көруге болады. Үшінші жұпта Виктория Графеева (60 келі) 1/8 финалда жапондық спортшы Аяка Тагучимен жұдырықтаса, бесінші жұпта Наталья Богданова (70 келі) 1/8 финалда үндістандық Санамача Чану Токчоммен шеберлік сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или