Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жеңіске жетті

Бүгін Сербияда әйелдер арасында ITF W15 Kursumlijska Banja 8 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирде бірінші орын алған қазақстандық Жібек Құламбаева кубокты жеңіп алды.
Финалда Жібек жергілікті теннисші – Драгана Вуковичті 6:4, 7:6 (7:5) есебімен ұтты.
Турнир барысында Құламбаева бір де бір сетте жеңілген жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или