Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде топ жарды

Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Курсумлийска Баня (Сербия) ITF W15 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Доданың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда сербиялық Драгиния Вуковичті 2:0 (6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Тартысты кездесу екі сағатқа дейін жалғасты.

Айта кетейік, сербиялық теннисші  дүниежүзілік рейтингіде 751-орында тұр.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или