Үндістандық боксшылар Астанаға келді

Үндістандық боксшылар Астанаға келді

Үндістандық боксшылар әлем кубогіне қатысу үшін Астанаға келіп жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

World Boxing ұйымдастырған әлем кубогіне Үндістан намысын қорғайтын боксшылар арасында Азия чемпиондары мен әлем кубогінің жүлдегерлері бар.

Ерлер құрамында:

  • Абхинаш Джамвал — Бразилияда өткен әлем кубогінің күміс жүлдегері.

Әйелдер құрамында:

  •  Минакши — Elorda Cup халықаралық турнирінің жеңімпазы.
  •  Сакши Чаудхари — жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері.
  •  Санама Чану және Анамика Худа — жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері.
  •  Пуджа Рани — Азия чемпионатының екі дүркін чемпионы, сондай-ақ бір рет күміс және бір рет қола медаль иеленген

Айта кетейік, байрақты бәсеке 30 маусым мен 6 шілде аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или