UFC чемпионы Илия Топурия ерекше жетістікке қол жеткізді

UFC чемпионы Илия Топурия ерекше жетістікке қол жеткізді

Жеңіл салмақта UFC чемпионы атанған Илия Топурия промоушен тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол кәсіби мансабында бірде-бір рет жеңілмей екі салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеу иеленген алғашқы спортшы атанды.

Испан-грузиялық файтер UFC 317 турнирінде бразилиялық Чарльз Оливейраны бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақтағы вакантты чемпиондық белбеуге ие болды. Бұған дейін Топурия 2024 жылы Алекс Волкановскиді жеңіп, жартылай жеңіл салмақта да чемпион болған еді. Кейін ол титулын Макс Холлоуэйге қарсы қорғап, белбеуден өз еркімен бас тартып, жеңіл салмаққа өтті.

Қазіргі таңда Топурияның рекорды – 17 жеңіс, 0 жеңіліс. Бұл оны UFC тарихындағы ең сәтті әрі тұрақты екі салмақ дәрежесіндегі чемпион етеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или