Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Түркияда өткен турнирде үздік үштіктен көрінді

Түркияның Коджаэли қаласында әйелдер күресінен халықаралық жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші жарыс күні Қазақстан командасының қоржынына тағы 3 медаль түсті.
Лаура Альмағанбетова (-57 кг) 2-орын
Ирина Казюлина (-68 кг) 3-орын
Эльмира Сыздыкова (76 кг) 3-орын
Кеше біздің спортшылар 2 күміс, 1 қола жүлде иеленген. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қазақстан 3-сатыға тұрақтады.
- Түркия
- Үндістан
- Қазақстан
Енді Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир еркін күрес бәсекесімен жалғасады. Бұл сында Ұлттық құрама сапындағы бірнеше палуан күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или