Қазақстандық клуб бас бапкерімен қоштасты

«Ұлытау» футбол клубы ресми түрде бас бапкерімен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жезқазғандық клуб 60 жастағы қазақстандық маман Иван Азовскийді қызметінен босатты.
Азовский команданы өткен жылы Премьер-лигаға алып шыққан еді. Қазір «Ұлытау» 12 ұпаймен 12-ші орында келе жатыр.
Бір-екі күн ішінде жаңа бас бапкердің есімі жарияланады деп күтілуде. Қазіргі таңда оның кім болатыны нақты белгісіз, бірақ қазақстандық маман болуы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или