«Жетісу» қазақстандық футболшымен қоштасты

«Жетісу» қазақстандық футболшымен қоштасты

Талдықорғанның «Жетісуы» Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Мақсат Тәйкеновтің кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Тараптардың өзара келісімі бойынша және отбасылық жағдайларға байланысты Мақсат Тәйкенов «Жетісу» футбол клубынан кететінін хабарлаймыз. Командада жұмыс істеген уақытында Мақсат өзін сенімді және адал ойыншы ретінде көрсетті. Үш рет нәтижелі пас беріп, алаңда нәтижелі ойынымен көзге түсті. «Жетісу» футбол клубы Мақсатқа алдағы спорттық жетістіктері үшін алғыс білдіреді!» деп жазады Талдықорған клубының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Жетісу» 13 ұпаймен Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 10-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или