«Челси» «Бенфиканы» жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Лондондық «Челси» АҚШ-та өтіп жатқан клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында Лиссабонның «Бенфикасын» ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу «Bank of America» стадионында (Шарлотта, Солтүстік Каролина, АҚШ) өтіп, 4:1 есебімен «Челсидің» пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, «Бенфика» Джанлука Престианни алаңнан қуылғаннан кейін 92-минутта он адаммен ойнады.
Матч 87-минутта ауа райының қолайсыздығына байланысты үзілді.
Клубтық әлем чемпионатының 1/4 финалында Энцо Мареска шәкірттері бұған дейін «Ботафого» командасын (1:0 д.в.) жеңген бразилиялық «Палмейраспен» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или