Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 1/4 финалға шыққан алғашқы команда анықталды

2025 жылы АҚШ-та өтетін футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалының алғашқы қатысушысы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалдың алғашқы ойынында бразилиялық Пальмейрас пен Ботафого кездесті. Негізгі уақытта командалар жеңімпазды анықтай алмады – 0:0. Қосымша уақытта Пальмейрас 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды 100-минутта Паулиньо соқты.
Осылайша, Пальмейрас 2025 жылғы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, онда маусымның 28-нен 29-на қараған түні өзара ойнайтын португалиялық «Бенфика» немесе ағылшындық «Челсимен» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или