Артем Резников ACA 188 турнирінде жеңіліп қалды

Ресейдің Сочи қаласында белгілі ACA 188 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған кеште жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық жауынгер Артем Резников үшін кеш сәтсіз болды. Қазақстандық жауынгер ресейлік Дауд Шайхаевқа есе жіберді. Қарсылас бірінші раундта отандасымызға қылғындыру әдісін қолданып кетті.
Айта кетейік, Резников үшін бұл ММА-дағы 10-шы, ал АСА-дағы 4-ші жеңілісі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или