Жалғас Жұмағұлов OKTAGON MMA лигасының ең жеңіл салмақтағы чемпионы атанды

Еуропалық үздік лигалардың бір OKTAGON ММА турнирінің кезекті кешінде қазақстандық жауынгер Жалғас Жұмағұлов титулдық жекпе-жекте грузиялық Бено Адамиимен (12-9) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
OKTAGON 73 турнирінде 36 жастағы Жалғас төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, ең жеңіл салмақтағы лиганың жаңа чемпионы атанды. Ол қарсыласын соңғы раундта бір рет нокдаунға жіберіп алды.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов (18-9) еуропалық лигада чемпион атанған алғашқы қазақстандық жауынгер. Ол өткен жолы Fight Night Global чемпионы атанған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или