Қазақстандық балуандар Түркиядағы турнирде екі алтын, бір күміс еншіледі

Түркияда өткен халықаралық Yasar Dogu додасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нұрқожа Қайпанов (74 кг) пен Ризабек Айтмұхан (97 кг) аталған турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Екеуі де ақтық сында болгариялық балуандардан басым түсті.
Нұрқожа Қайпанов (74 кг) финалда Рамазан Рамазановты 5:0 есебімен жеңсе, Ризабек Айтмұхан (97 кг) шешуші белдесуде Ахмед Магамаевтан 7:2 есебімен жеңді.
Ал 92 келіде сынға түскен Азамат Дәулетбеков күміс жүлдені қанағат тұтты. Ол әзербайжандық Али Цокаевтан 3:0 есебімен жеңілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или