Беларусьтік жартылай қорғаушы «Ақтөбе» ойыншысы атанды

Беларусьтік жартылай қорғаушы «Ақтөбе» ойыншысы атанды

Беларусьтік футболшы Никита Корзун «Ақтөбе» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақ-қызылдар» 30 жастағы беларусьтік жартылай қорғаушымен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады.

Корзун екі күн бұрын «Елімаймен» келісімшартын мезгілінен бұрын бұзған болатын.

Никита «Ақтөбенің» осы жаздағы үшінші трансфері ретінде тіркелді. Бұған дейін қазақстандық футболшылар Георгий Жуков пен Артур Шушеначевті қатарына қосқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или