Әлем чемпионы Поль Погба «Монако» ойыншысы атанды

Әлем чемпионы Поль Погба «Монако» ойыншысы атанды

Франциялық футболшы Поль Погба ресми түрде «Монако» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы ойыншы допинг дауына байланысты соңғы рет 2023 жылдың қыркүйегінде алаңға шыққан еді. Осы жылдың басында жазасы жеңілдеп, футбол ойнауға рұқсат алды. Футболшының соңғы клубы италиялық «Ювентус» болды.

Жаңа клубқа еркін агент ретінде қосылған футболшы жаңа клубымен екі жылға жарамды келісімшартқа қол қойды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или