Қазақстан чемпионатының финалдық сериясында алматылықтар алға шықты

Қазақстан чемпионатының финалдық сериясында алматылықтар алға шықты

Алматылық «Қайрат» пен «Семей» футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф финалдық сериясының үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдың үшінші матчы 3:3 есебімен аяқталып, алматылықтар «Семейден» пенальти сериясында басым (5:4) түсті. Осылайша сериядағы есеп 2:1 болды.

Алаң иелері сапында Біржан Оразов, Жахангир Рашит және Хулио Занотто гол соқса, семейліктер сапында Габриэль Кандидо, Ринат Төреғазин және Дедезиньо мергендік танытты. 

Айта кетейік, төртінші ойын 29 маусым күні Алматыда өтеді. Ертең семейліктер жеңіске жете алмаса чемпиондық атақ алматылық ұжымға бұйырады. Еске салайық, жеңіс үш серияға дейін жалғасады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или