Өзбекстандық боксшылар әлем кубогына қатысу үшін Астанаға келді

Өзбекстандық боксшылар әлем кубогына қатысу үшін Астанаға келді

Өзбекстан мемлекетінің бұрымды боксшылары әлем кубогына қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олардың сапында 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Азиза Якубова, Жасмин Такирова, Азиза Закирова сияқты бірнеше халықаралық жарыстардың жүлдегер боксшылары бар.

Бір қызығы, бір апта бұрын Өзбекстан ерлер құрамасы да аталмыш турнирге қатысады деп күтілген еді. Бірақ, турнир уақыты жақындағанда ерлер құрамасы белгісіз себептермен елордадағы додаға қатыспайтыны белгілі болды.

Еске сала кетейік, бокстан әлем кубогы 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или