«Тек бір мәселені реттеу ғана қалды». Қазақстан құрамасының футболшысы «Елімайға» ауысуға жақын

Акмаль Бахтияров карьерасын Қазақстан Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін. 27 жастағы вингердің айтуынша, ол семейлік «Елімай» клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Тек бір мәселені реттеу ғана қалды. Қалғанының бәрі келісілген. Егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, бір жарым маусымға келісімшарт жасасамыз, — деді Бахтияров.
Футболшы алматылық «Қайрат» клубының түлегі. Бұған дейін ол Ресейдің «Сочи», «Олимп-Долгопрудный» және «Челябі», Арменияның «Арцах», сондай-ақ Қазақстанның «Жетісу» және «Ордабасы» клубтарында ойнаған.
2024 жылдың жазынан бастап Бахтияров Ресейдің Астрахань қаласының «Волгарь» клубында өнер көрсетті — 37 матчта 5 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.
Қазақстан құрамасына бірнеше рет шақырту алғанымен, ол ұлттық құрамада әлі бірде-бір ойын өткізген жоқ. Transfermarkt мәліметінше, оның нарықтық құны — 225 мың еуро.