Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде чемпиондық атақ үшін таласады

Қазақстандық теннисші, әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Курсумлийска Баня (Сербия) ITF W15 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Доданың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 695-орында тұрған ресейлік Милана Жабраиловамен шеберлік байқасты.
Бірінші партия аса тартысты өтіп, тай-брейкте Жібек таразы басын аудара білді - 7:6 (7:3).
Екінші сетте Құламбаева 4:0 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді - 6:1.
Матч екі сағаттан астам уақытқа созылды.
Жібек Құламбаева финалда чилилік Антония Вергара Ривера немесе сербиялық Драганья Вуковичтің қай жеңгенімен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или