Еуропаның топ-клубы осы жазда бірден тоғыз ойыншымен қоштасуы мүмкін

Мадридтік «Атлетико» жазғы трансфер кезеңінде кадрлық өзгерістерге ұшырауы мүмкін, клубтан бірден тоғыз футболшы кетуі ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командадан нақты кететін ойыншылар қатарында Сесар Аспиликуэта, Аксель Витсель және Рейнилду. Олардың келісімшарттары осы жазда аяқталады. Анхель Корреа мен Родриго Рикельменің келісімшарттары әлі ақталмағанына қарамастан, кетуге жақын.
Сонымен қатар, «Атлетико» Самуэль Лино мен Науэль Молинаны сатуды қарастырып отыр — бұл жаңа трансферлерге бюджетті нығайту мақсатында жасалмақ.
Конор Галлахердің болашағы да белгісіз, егер лайық ұсыныс түссе, ол АПЛ-ға оралуы мүмкін. Родриго Де Паульдің жағдайы да түсініксіз — оның келісімшартын ұзарту жөніндегі келіссөздер тығырыққа тірелген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или