Қазақстандық жартылай қорғаушы «Жеңіс» сапына қосылды

Қазақстандық жартылай қорғаушы Амандық Нәбиханов елордалық «Жеңіс» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Атырау қаласының тумасы, «Каспий» футбол клубының түлегі – 27-жастағы қорғаушы Амандық Нәбиханов командамыздың қатарын толықтырды!
Біздің жаңа ойыншымыз кәсіби мансабын 2017 жылы туған клубының құрамында бастаған. «Каспийден» бөлек, «Атырау» футбол клубының намысын қорғады. Батыс командалары үшін барлығы 140-тан астам матч өткізді, оның 85 Қазақстан Премьер-лигасында», - делінген клуб хабарламасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или