Серікжан Мужиқов жазғы трансфер кезеңінде «Жетісуға» оралуы мүмкін

Серікжан Мужиқов жазғы трансфер кезеңінде «Жетісуға» оралуы мүмкін

«Елімай» капитаны Серікжан Мужиқов жазғы трансфер кезеңінде өзінің туған командасы «Жетісуға» оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Семейлік клубтан қазірдің өзінде Корзун, Мулич және Флореску сияқты бірнеше көшбасшы ойыншылар кетіп қалды.

Мужиков биылғы ҚПЛ маусымында тоғыз матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді. Тәжірибелі футболшы биылғы жылдың наурыз айында Қазақстан құрамасына оралған болатын.

Өткен жылы жартылай қорғаушы «Жетісуға» оралғанымен, қаржылық мәселеге байланысты «Елімайға» ауысып кеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или