Қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауовтың кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов кәсіпқой боктағы алғашқы жекпе-жегін 11 шілде күні Алматыда өтетін бокс кешінде өткізеді.
Қазақстандық боксшы 8 раундта жоспарланған жекпе-жекте африкалық боксшы Мариос Матамбамен (13-2-0, 10 КО) кездеседі.
Дулат — ҚР Ұлттық спорт комитетінің мүшесі. 30 жаста. Әлем және Азия чемпионаттарының финалисті. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Мариос — 30 жастағы титулды боксшы, әлемдегі үздік 150 боксшылардың қатарына кіреді. WBO Africa және IBF African белбеулерінің иегері. Африка жастары мен жасөспірімдер чемпионатының жеңімпазы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или