Ағылшындық футбол аңызы Дэвид Бекхэм ота жасатты
Англия құрамасының бұрынғы жұлдызы Дэвид Бекхэм қолына операция жасатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Daily Mail басылымының мәліметінше, бұл ота 2003 жылы ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүрген кезінде алған жарақат салдарынан қажет болған.
Бекхэм өзінің спорттық мансабында «Манчестер Юнайтед», мадридтік «Реал», «Милан», ПСЖ және АҚШ-тың «Лос-Анджелес Гэлакси» клубтарында өнер көрсеткен.
2025 жылдың маусымында аты аңызға айналған футболшы Ұлыбританияда рыцарь атағын алған еді. 2018 жылдан бері Дэвид Бекхэм АҚШ-тың МЛС лигасындағы «Интер Майами» клубының иесі болып табылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или