Қазақстан бокс федерациясының президенті әлем кубогінің нысандарын аралады

Қазақстан бокс федерациясының президенті әлем кубогінің нысандарын аралады

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Әлем кубогінің нысандарын аралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдымен федерация басшысы жарыс өтетін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайына барып, аренадағы дайындық барысымен танысты.

Спорт кешенінде Әлем кубогіне залды безендіру және техникалық дайындық жұмыстары басталып кеткен еді. Шахмұрат Мүтәліп өз нұсқаулықтарын беріп, ұйымдастыру тобының есебін тыңдады.

Әрі қарай федерация президенті ұлттық құрама мен шетелдік командалар оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Боксты дамыту орталығына ат басын бұрды. Бұл жерде бапкерлер және боксшылармен сөйлесіп, оларға алдағы жарыста сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада бокстан Әлем Кубогі өтеді. Беделді бәсекеге 30 елден 300ге жуық спортшы қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или