Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Курсумлийска Баня (Сербия) ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда босниялық Суана Тукаковичпен бетпе-бет келді.
Жібек қарсыласын 6:0, 6:3 есебімен ойсырата ұтты. Матч 1 сағат 5 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева финалға шығу үшін ресейлік Милана Жабраиловамен таласады. Ол үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты ойында словакиялық Стелла Ковачикованы жолдан тайдырды - 5:7, 6:4, 6:2.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или