Эрлинг Холанд мансабындағы 300-ші голын соқты

Эрлинг Холанд мансабындағы 300-ші голын соқты

Норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд мансабындағы 300-ші голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz 

24 жастағы шабуылшы клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы топтық кезеңдегі соңғы «Ювентусқа» қарсы матчта (5:2) мансабындағы 300-ші голын соқты. Сондай-ақ Холанд 61 нәтижелі пас берген.

«Манчестер Ситидің» шабуылшысына 300 гол соғу үшін 370 матч жеткілікті болды. Осылайша Эрлинг 300 голды Криштиану Роналду (554 матч), Лионель Месси (418 матч) және Килиан Мбаппеден (409 матч) жылдам соқты.

Ал бразилиялық футбол аңызы Пеле 300 голды 230 ойында соқты деген ақпар бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или