Уимблдон-2025: Қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон-2025 турниріндегі алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстаннның бірінші ракеткасы Александр Бублик жарысты 28-сүзбе нөмірімен бастайды. Оның алғашқы қарсыласы — испандық Хауме Муньяр.
Александр Шевченко алғашқы кездесуде америкалық Райан Опелкамен күш сынасады. Бейбіт Жұкаев болса, 22-нөмірмен тіркелген италиялық Флавио Коболлимен кездеседі.
Елдің бірінші ракеткасы, 2022 жылғы Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина турнирді 11-нөмірмен бастайды. Алғашқы айналымда ол Армения өкілі Элина Аванесянмен кездеседі.
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева, былтырғы маусымда Уимблдонның төртінші айналымына дейін жеткен болатын. Ол алғашқы кезеңде америкалық, 13-сүзбе нөмірін иеленген Аманда Анисимовамен кортқа шығады.
Турнирдің негізгі кезеңі 30 маусымда басталады. Биыл Уимблдон жарысының жүлде қоры рекордтық 53,5 миллион фунт стерлингті құрап отыр - бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 миллионға артық.