Қазақстан келісілген матчтар бойынша әлемде 4-орында тұр

Қазақстан келісілген матчтар бойынша әлемде 4-орында тұр

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Қазақстан футболындағы келісілген ойындар мәселесін түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ермұхамед Мәуленнің мәлімдемелері туралы естіген жоқпын. Бірақ оған ешқандай қысым болған жоқ деп айта аламын. Ал келісілген матчтарға келсек, мұндай іспен айналысатын «Спорт Радар» деген ұйым бар. Сол ұйымның статистикасы бойынша Қазақстан әлемде келісілген матчтар саны бойынша төртінші орында тұр. ҚФФ бұл мәселемен белсенді түрде күресіп жатыр, сол себепті Ермұхамедтің сөзінде шындық бар. Қазіргі уақытта федерация бұл проблемамен күресті күшейтуде», – деді ҚФФ президенті Sports24.kz сайтына берген сұхбатында.

Бұған дейін ҚФФ-да қызмет еткен спорт журналисі Ермұхамед Мәулен, қысымға ұшырағанын айтып, федерациядан кеткен болатын. Ол қазақстандық футболдағы бірқатар келеңсіздіктер мен сыбайлас жемқорлықты ашық сынға алған еді.

Сонымен қатар, қазақ футболындағы келеңсіз жайттар бойынша ҚФФ президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман былай деп ақпарат таратты:

«Қазақстан футбол федерациясы келісілген матчтар мәселесінің бар екенін ашық мойындайды. Бұл – өткеннің ауыр мұрасы. Қазіргі Федерация басшылығы бұл мәселе бойынша аяусыз күрес жүргізіп жатыр.

Мұны жаппай жемқорлық деп түсінбеу керек. Ондай оқиғалар сирек кездеседі, бірақ соның өзі қатаң жазалануы керек. КФФ әділ ойынға қарсы кез келген әрекетке мүлдем төзбеушілік ұстанымын ұстанады.

Біздің бастамамызбен заңнамаға бірқатар өзгерістер әзірленді. Онда жауапкершілікті күшейту, тіпті қылмыстық жаза қарастыру ұсынылған. Қазір бұл ұсыныстар депутаттармен және тиісті органдармен талқыланып жатыр. Бұл — ұстанымға қатысты мәселе. Қазақ футболында ойынның абыройын сатып жүргендерге орын жоқ».


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или