«Барыс» хоккей клубының басшылық құрамында өзгеріс орын алды

Қазақстандық хоккей клубы «Барыстың» басшылық құрылымында кадрлық өзгеріс орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Shaiba.kz мәліметінше, клубтың бас директорының орынбасары қызметіне Алексей Мамонтов тағайындалды.
Бұған дейін Мамонтов Қазақстан хоккей федерациясының спорттық директоры қызметін атқарған. Оның федерация басшылығына келуі мүмкін деген ақпарат тарағанымен, бұл ресми түрде расталмады.
Қазіргі таңда Мамонтов «Барыстың» бас директоры әрі бір мезгілде Қазақстан хоккей федерациясының жетекшісі болып отырған Сакен Мусайбековтің тікелей орынбасары болмақ.
Айта кетейік, Сакен Мусайбеков 2021 жылы алаяқтық бабы бойынша сотталған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или