«Қызылжар» футболшысы Тоқтар Жаңғылышбай «Астанаға» қарсы матчқа қатыспайды

«Қызылжар» футболшысы Тоқтар Жаңғылышбай «Астанаға» қарсы матчқа қатыспайды

«Қызылжардың» 32 жастағы шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай премьер-лиганың 14-туры аясында «Астанаға» қарсы ойынға қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

13-турдағы «Қайратқа» қарсы ойында (0:1) Тоқтар Жаңғылышбай Александр Мартыновичке қарсы өрескел ойыны үшін алаңнан қуылды. Ол алдағы «Астанаға» қарсы матчқа шықпайды.

Тоқтар Жаңғылышбай ағымдағы чемпионатта барлығы 7 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.

Еске салайық, бұл кездесуге солтүстікқазақстандық команданың қорғаушысы Мирас Елеукин де қатыса алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или