Абылайхан Жұмбаек ҚПЛ-дағы мерейтойлы матчын өткізді

23 жастағы «Тұранның» шабуылшысы Абылайхан Жұмабек Қазақстан Премьер-лигасындағы 13-турдағы «Елімайға» қарсы ойында (1:2) 100-ші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жамбылдық футбол түлегі Абылайхан Жұмабек Премьер-Лигадағы алғашқы ойынын 2019 жылдың 16 маусымында Таразда жергілікті команда сапында «Ертіске» қарсы ойында (0:0) өткізді. Негізгі құрамда шығып, 70-минутта Рақымжан Розыбакиев алмастырды. «Тараз» сапында барлығы 51 кездесу өткізіп, 10 гол соққан. Сондай-ақ «Ақтөбе» (18 матч, 1 гол соқты) және «Жетісу» (9 матч, 1 гол) командаларында өнер көрсетті. Осы уақытқа дейін «Тұран» сапында 12 кездесу өткізіп, 1 гол соққан.
Премьер-лигада барлығы 100 матч өткізіп, 13 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или